ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер «SYÑAR» қауіпсіз танысу платформасында (бұдан әрі – Платформа) пайдаланушыларға, олардың контентіне қатысты шағымдарды беру, тіркеу, өңдеу және шешу тәртібін, сондай-ақ Пайдаланушы келісімінің (жария офертаның) шарттарын бұзудың кез келген жағдайларын айқындайды.
Платформа тек отбасы құру және шынайы қарым-қатынас іздеу мақсатында жасалған. Қауіпсіздікті, деректердің шынайылығын және сенімді атмосфераны қамтамасыз ету – Әкімшіліктің басым міндеті. Барлық пайдаланушылар Digital ID арқылы верификациядан өтеді, бұл қауымдастық ережелерін сақтауға жоғары жауапкершілік жүктейді.
1.1. Осы Ережелер «SYÑAR» Платформасының Пайдаланушы келісімінің (жария офертаның) ажырамас бөлігі болып табылады.
1.2. Қауіпсіздікті бақылау механизмдері үш деңгейлі жүйені қамтиды:
Автоматты AI-комплаенс және NSFW сүзгілері: жүктелетін контентті, хат алмасу мәтіндерін уыттылыққа, ақша сұраудың ерте жағдайларына немесе коммерциялық қызметке алдын ала сканерлеу.
Жүйелік антифрод-бақылау: аномальды белсенділікті, жаппай таратуларды және күдікті әрекет үлгілерін автоматты түрде қадағалау.
Қолмен бақылау (Trust & Safety қызметі): Платформа әкімшілерінің пайдаланушылардың шағымдарын өңдеуі.
2. «Шағымдану» интерфейс түймесіндегі шағым санаты Платформаның әрбір пайдаланушысы кіріктірілген «Шағымдану» түймесі арқылы бұзушының профайлына немесе хабарламасына шағым түсінуге құқылы. Түйме мәзірі қатаң түрде үш базалық санатты қамтиды:
2.1. Спам: Қажетсіз ақпаратты тарату, үшінші тарап ресурстарын, арналарын немесе сілтемелерін жарнамалау үшін сауалнаманы пайдалану.
2.2. Алаяқтық: Ақша қаражатын иемдену, несие ресімдеу, қаржылай көмек сұрау, жалған деректерді пайдалану, Digital ID жүйесін айналып өтуге немесе қолдан жасауға тырысу, өзін басқа адам ретінде көрсету және осындай әрекеттер.
2.3. Қудалау және агрессия: Сұхбаттасушының қарым-қатынасты жалғастырудан бас тартуынан кейінгі қалаусыз тиісулер, мазалау (stalking), қауіп төндіру, бонтау (шантаж) және осындай әрекеттер.
Платформа жедел шағым түймесі мен басқа себептер бойынша жалпы өтініштерді нақты ажыратады:
3.1. Интерфейс арқылы жылдам шағым («Шағымдану» түймесі): Тікелей бұзушының профайлында немесе чат терезесінде үш негізгі санат (спам, алаяқтық, қудалау) бойынша қолданылады. Шағым жіберілген сәттен бастап, егер алгоритмдер жоғары деңгейдегі қауіпті тіркесе, сервер жағындағы жүйе тексеру аяқталғанға дейін диалогты уақытша оқшаулауды немесе профайлдың көрінуін шектеуді (көлеңкелі бан) автоматты түрде іске қоса алады. Мұндай шағымдарды қарау мерзімі 24 сағатқа дейінгі уақытты алады.
3.2. Техникалық қолдау қызметіне жүгіну (басқа себептер бойынша): Егер пайдаланушыда өзге сипаттағы шағымдар мен сұрақтар туындаса (соның ішінде коммерциялық қызмет, жарнама, 18+ контент, жас ерекшеліктеріне сәйкемеушілік, Платформаның техникалық ақаулары, жазылымды төлеу кезіндегі қателіктер, Digital ID верификациясындағы мәселелер, жалпы сұрақтар, кеңестер немесе бұғаттаулар бойынша шағымдар), олар бөлек байланыс әдісі — ресми электрондық пошта () немесе қамқорлық қызметінің басқа контактілері арқылы қарастырылады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша Платформа Әкімшілігі әсер етудің мынадай шараларын қолдануға құқылы:
4.1. Ресми ескерту: Платформа ережелерін бұзғаны туралы жүйелік хабарлама жіберу (шамалы немесе бірінші рет тіркелген жұмсақ бұзушылықтар кезінде қолданылады).
4.2. Уақытша бұғаттау (Бан): Сауалнамалар каталогына, чаттарға және бейнеқоңыраулар функциясына қолжетімділікті 24 сағаттан 14 күнге дейінгі мерзімге шектеу.
4.3. Перманенттік бұғаттау (Толық бан): Алаяқтық, Digital ID жүйесін алдау, киберқылмыстар, өрескел қудалау фактілері немесе қайталанған күрделі бұзушылықтар расталған жағдайда аккаунтты қайтарымсыз жою, барлық деректерді жою және Платформаға қолжетімділікті тоқтату.
5.1. «SYÑAR» Платформасының Пайдаланушы келісімінің (жария офертаның) шарттарына сәйкес, барлық қызметтер 100% алдын ала төлем шарттарымен көрсетіледі.
5.2. Жазылым үшін төленген ақша қаражаты ешқандай жағдайда қайтарылуға жатпайды.
5.3. Егер Пайдаланушының аккаунты осы Ережелерді, Пайдаланушы келісімінің шарттарын бұзғаны, алаяқтық әрекеттері анықталғаны үшін немесе үшінші тараптардың негізделген шағымдары негізінде бұғатталған болса, Платформаға қолжетімділік дереу тоқтатылады, ал жазылымның пайдаланылмаған кезеңі үшін ақша қаражатының қалдығы қайта есептелмейді және қайтарылмайды. Пайдаланушы төлем жасау және офертаны акцепттеу сәтінде осы шартпен келіседі.
6.1. Платформа Әкімшілігі өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлшектерін, тексеруші модераторлардың дербес деректерін немесе антифрод-алгоритмдердің жұмыс істеу техникалық бөлшектерін жария етпеу құқығын өзіне қалдырады.
6.2. Әкімшіліктің профайлдарды бұғаттау және дауларды шешу жөніндегі шешімдері түпкілікті болып табылады және Платформаның автоматты жүйелерінің құжатпен расталған ақауы жағдайларын қоспағанда, қайта қарауға жатпайды.